16 Қаз 2023
Новости KZ КГКП Ясли-сад "Балауса-Балғын"

ШҚО балабақша басшылары мен әдіскерлерінің «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбындағы II слёт

ШҚО ББ «ÖRKEN» ШҚ өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 13 қазан 2023 жылы Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде "Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар" тақырыбында балабақша басшылары мен әдіскерлерінің олбыстық ІІ слёті өтті. Слётта әрбір команда өздерін таныстырып, үй тапсырмасын қорғап, тед дәрістерін тыңдап, шеберлік сыныптарына қатысты. Слётке Тарбағатай ауданынан "Тарбағатай" командасы қатысты. Команда құрамында  Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ракымбаева Алмагуль Мырзахметовна, Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Оразғалиева  Айжан Серікқызы, КМҚК "Балауса-Балғын" бөбекжайының  тәрбиешілері  Жумагулова Айнур Оралбековна, Байсолтанова Айнур Канатовна, Қабыл Айдана Қабылқызы,  «Жасұлан» бөбекжайының тәрбиешісі Кузебаева Гульназ Каменовна  қатысып, жүлделі І  орынды иеленді. Қатыстқаны үшін мамандар сертификатттар иеленді. Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар