06 Маус 2023
Новости KZ КГКП Ясли-сад "Балауса-Балғын"

Сақ бол балақай ашық тәрбие сағаты

17.04.2023 жылы КМҚК «Балауса - Балғын» бөбекжайында «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен Өртке қарсы қызмет ұйымдастыру күніне орай «Өрттен сақ бол, балақай!» ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Балалардың өрт сөндірушілердің жұмысы, өрттің себептері туралы, өрт кезінде қарапайым мінез - құлық ережелері туралы білімдерін нақтылау.

- балалардың күнделікті өмірдегі қауіп көздері туралы білімдерін кеңейту, (электр аспаптары, газ, үтік, сіріңке) үлкендерден көмек сұрау қабілетін дамыту.

- балаларды өз қауіпсіздігіне қамқорлық жасау қажеттілігіне тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағатына Ақжар ауылдық Өрт сөндіру ме емесінен бөлім бастығының орынбасары Әділет Амангелдіұлы, бөлімше командирі Дамир Манарбекұлы қатысты. Кездесу барысында кәсіби мамандар өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің киімдері мен құралдарын таныстырып, өрт қауіпсіздігі туралы мағлұмат беріп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Тәрбие сағаты барысында балаларға өрт қауіпсізідігінің тоғыз ережесі туралы бейнежазбалар көрсетіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп, ойындар ойнатылды. Балалар тәрбие сағатына белсенділікпен қатысып, келген қонақтарға ақ тілектерін білдірді. Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға жауапты маман Ляшова.А.Е, қоғамдық еңбекті қорғау инспекторы Зейделова Б.М, шаруашылық меңгерушісі Шомбин Д.С, тәрбиешілер Тусипова Л.Б, Тлебалдина М.Б.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар